Жаңалықтар

  29.04.14
 

   2014 жылғы  21-24 сәуірде  «Ғылым ордасы» РМК (Алматы қаласы) мамандары  К.Т.Журманова, Н.Д.Курмангалиева және «Руханият - Әбу Нәсір әл-Фараби» мұражайының маманы (Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Отырар қаласы) Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде  оқу курсынан өтті.

   Оқу курсы бекітілген оқу жоспары бойынша жүргізілді. Мамандар құжаттамалық мұраны сақтаудың жаңа технологиясы, құжаттарды сақтау режимі, температуралық-ылғалдылық, жарық, санитарлық-гигиеналық  режимі,  кітапты  қалпына  келтіру  әдістері,  түптеуді  дайындау,  Photoshop  бағдарламасы  бойынша  графикалық  безендіру, желім дайындау әдістері  мен  түрлері,  құжаттардың  бүліну  себептері,  сирек кездесетін кітаптар  мен қолжазбаларды қалпына келтіру ерекшеліктері, превентивті, фазалық  консервация туралы іс-тәжірибе алды.
   «Руханият - Әбу Нәсір әл-Фараби» мұражайының маманы Ш.О.Оралбеков сирек құжаттарды қалпына келтіруде алған дағдыларын бекіту үшін оқу курсын 4-ші мамырға дейін ұзартуға тілек білдіріп,  мұражай  қорынан  әкелінген кітаптармен жұмыс жүргізді.
   Тағылымдамаға қатысушылар Мектеп жұмысының маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаруға сенім білдірді.

   

    


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
29.11.14 2014 жылы 27-28 қарашада Консервация қызметінің жетекшісі Б.Ш.Сәрсенбаева Астана қаласында  өткен «Мәдени интеграцияның перспективалары және тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференцияға қатысты.
21.07.14 «Ғылым ордасы» РМК-ның (Алматы қаласы) мамандары К.Т. Журманова, Н.Д. Курмангалиева және «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби» мұражайының  маманы Ш.О. Оралбеков  (Оңтүстік  Қазақстан облысы, Отырар қаласы) Жазба құжаттарды консервациялау  және қалпына  келтіру  мектебінде  оқу курсынан өткені үшін  куәлік алды.  Оқу  курсында  консервация-қалпына келтіру  үдерістері бойынша  теориялық- тәжірибелік  сабақтар алды.
29.04.14 2014 жылғы  21-24 сәуірде  «Ғылым ордасы» РМК (Алматы қаласы) мамандары  К.Т.Журманова, Н.Д.Курмангалиева және «Руханият - Әбу Нәсір әл-Фараби» мұражайының маманы (Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Отырар қаласы) Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде  оқу курсынан өтті.