Жаңалықтар

  15.01.14
 

   Қалпына келтіру және түптеу қызметі өз жұмысында арнайы жабдықтарды пайдаланады, бұл сапалы жұмыс нәтижесін қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлері  графикалық бағдарлама бойынша көркемдеп  түптеуді табысты қолданады.

   Түптеу жұмысында әрлендіру бағдарламасы – Photoshop-ты пайдалану арқылы бейнелеу, әрлеу үдерістері енгізілген. Нәтижесінде басылымды көркемдеудің  авторлық бастапқы қалпы, сондай-ақ кітаптың  эстетикалық сырт пішіні және тұтастығы сақталады.
   Бүгінгі күнде  заманауи  кітаптарды сақтау кітап сақтаушылар мен қалпына келтірушілер үшін айтарлықтай маңызды болып табылады. Кітапхана қоры үнемі оқырмандар айналымында болғандықтан механикалық зақымдануға бейім. Осындай қорды сақтау білікті маманмен қатар қазіргі заманға сай материалдар мен құрал-жабдықтарды қажет етеді.
Қалпына келтіру және түптеу қызметінде түптеуді қалпына келтіру үшін тігу, престеу, кітап блогының парақтарын қалпына келтіру, сондай-ақ түптеу қақпағын  және мұқабаларын  қолмен дайындау үдерісінде келесі құралдар қолданылады:
   - бүгу машинасы (бүгу) – түптеу үдерісінде қолданады. Бүгу кезінде екі маңызды қызмет атқарылады:
   - бүгілген жері түзу болады;
   - бүгу жұмыс материалының талшықты құрылымын бұзбайды.
   - тігін станогы – кітап блогын тігу үшін пайдаланады: блоктың дәптерлерін  тігетін  дәкені, тоқыма бау немесе жіпті созады  және бекітеді.
   - қысатын жабдық (қыспақ, пресс, қысатын пресс) – кітап блогының түбін өңдеу мен аралау әдісі кезінде қысу  және престеу, блоктар  мен дәптердің артық жиегін кесу және т.б. кезде қолданылады.
   - қылышты резак - картон мен қағазды кесуге арналған: кесуші (резак) заманауи түптеу цехындағы таптырмайтын атрибут.

      


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
29.11.14 2014 жылы 27-28 қарашада Консервация қызметінің жетекшісі Б.Ш.Сәрсенбаева Астана қаласында  өткен «Мәдени интеграцияның перспективалары және тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференцияға қатысты.
21.07.14 «Ғылым ордасы» РМК-ның (Алматы қаласы) мамандары К.Т. Журманова, Н.Д. Курмангалиева және «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби» мұражайының  маманы Ш.О. Оралбеков  (Оңтүстік  Қазақстан облысы, Отырар қаласы) Жазба құжаттарды консервациялау  және қалпына  келтіру  мектебінде  оқу курсынан өткені үшін  куәлік алды.  Оқу  курсында  консервация-қалпына келтіру  үдерістері бойынша  теориялық- тәжірибелік  сабақтар алды.
29.04.14 2014 жылғы  21-24 сәуірде  «Ғылым ордасы» РМК (Алматы қаласы) мамандары  К.Т.Журманова, Н.Д.Курмангалиева және «Руханият - Әбу Нәсір әл-Фараби» мұражайының маманы (Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Отырар қаласы) Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде  оқу курсынан өтті.