Мектеп туралы

 

Каталогизатор мектебі
 
Каталогизатор мектебі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы базасында құрылған.
Мектеп - кітапхана жұмысының әдістемелік бағыттарының бірі болып табылады, ол ресурстарды машинамен оқитын каталогтаумен  айналысатын кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Каталогизатор мектебінің мақсаты – тыңдаушыларға ресурстардың нақты түрлерін каталогтаудың негізгі ережелерімен және жалпы ережелерімен таныстыру (кітаптар, ноталар, картографиялық, бейнелеу материалдары, электрондық ресурстар, мерзімді және жалғасты басылымдар.)
Тәжірибелік сабақтар ҚР Ұлттық кітапханасының ІТ-мамандары құрастырған республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық Web-RABIS жүйесінде өтеді.
Web-RABIS барлық кітапханалық мемлекетаралық стандарттарға және коммуникативтік форматтағы талаптарға жауап береді, электронды каталогты жүргізуді және ғылыми өңдеуді,  кітапханалық негізгі көрсеткіштері бойынша кітапханалық, бухгалтерлік есепті және статистикалық үлгілерді басып шығару мүмкіндігін қолдайды.
Мектеп түрлі ведомстволар мен жүйелердегі кітапхана мамандарына оқыту сабақтарын жүргізеді. (40 академиялық сағат).
Курс соңында оқудан өткендігі туралы сертификат беріледі.