|
||
2012 жылы 7-11 қазан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Консервация қызметінің жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты Сарсенбаева Б.Ш. «Лики памяти. Новейшие технологии сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» тақырыбында Ереван қаласында өткен (Армения) 2-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысып қайтты. Семинар Месроп Маштоц атындағы Матенадаран ежелгі қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтында өткізілді. Семинар барысында Сарсенбаева Б.Ш. «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қолжазба және баспа мұрасын сақтау және қалпына келтіру әдістері. ҚР ҰК Консервация қызметінің – құжаттарды мәңгі сақтауды қамтамасыз ету тәжірибесі» тақырыбына баяндама жасады. Іс-шараға Италия, Германия, Белгия, Франция, Польша, ТМД және Балтық елдерінің өкілдері қатысты. Семинарға кітапханалардың, мұрағаттардың және мұражайлардың консерваторлары, қалпына келтірушілері, сақтаушылары, жоғары технология мамандары қолжазба мұраларды сақтау бойынша өзара іс- тәжірибелерімен бөлісті.
|
«« | »» | « Артқа | Барлық жаңалықтар |