2012 жылғы 8-10 қазан аралығында Қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Вершина Е.В. ЮНЕСКО/ИКОМ ТМД елдерінің мұражай мамандарына арналған «Превентивті консервация – мұражай коллекциялары: қолжазба қорын сақтаудың негізгі алғышарты» атты аймақтық тақырыптық тренингіне қатысып қайтты (Ереван қаласы, Армения).
Аймақтық тақырыптық тренинг 2008-2011 жылдары ТМД елдеріне арналған ЮНЕСКО және (МФГС) Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өткен ұлттық және аймақтық тренингтердің жалғасы болып табылады. Семинар барысында келесі мәселелер талқылалды: ● Превентивті консервация және мұрағат құжаттары мен кітаптарға арналған арнайы жеке қораптар; ● Құжаттардың бүлінуінен қорғаудың превентивтік әдісі ретінде құжаттарды шаңнан және көгеруден алғашқы өңдеу; ● Армения Республикасының «Матенадаран» ғылыми-зерттеу институтының мұрағат құжаттары үлгісінде биобүлінулерді анықтау және оларды консервациялау.
|