Жаңалықтар

  26.07.11
 

   2011 жылы 6 - 24 маусым аралығында  ҚР Ұлттық кітапханасында шығыс қолжазбалары мен кітаптарын қалпына келтіру және түптеу жөнінде тәжірибелік семинар өткізілді. Семинар  ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының қолдауымен жүзеге асырылды.

   Семинардың мақсаты – шығыс қолжазбалары мен кітаптарын қалпына келтіру және түптеу жөнінде тәжірибе жинақтау, қалпына келтіруші мамандардың  кәсіби біліктілігін көтеру. Тәжірибелік семинарды Франция Ұлттық кітапханасының Консервация департаментінің қалпына келтіру жөніндегі сарапшысы, графикалық құжаттарды қалпына келтіруші Тьерри Обри жүргізді. Тьерри Обри  – үйретуші бағадрламаларды  өткізу, мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі мамандарды даярлау,  былғары мен жапон қағазын қолдану, қағаздың қышқылданбау үдерістері жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар, қалпына келтіруге қолданылатын  материалдар мен жабдықтар нарығын зерттеуде мол  тәжірибе жинақтаған маман.

   Семинар республикалық мәдениет мекемелері қызметінің тәжірибесіне  жаңа технологияларды енгізуді меңгеруге бағытталған.
   Семинарға ҚР Ұлттық кітапханасының, облыстық әмбебап ғылыми  кітапханалардың, ҚР Орталық мемлекеттік мұражай және ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат  мамандары қатысты.

 


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
11.11.20 2020 жылғы 11 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 150 кітапханашы мамандардың қатысуымен «Каталогизатор мектебі - On-line тәртібінде кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру» атты онлайн-семинар өтті.
30.10.20 2020 жылғы 30 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде «Каталогизатор мектебі - On-line тәртібінде кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру» атты онлайн-семинар өтті.
23.10.20 2020 жылғы 23 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының жанындағы Каталогизатор мектебі аясында «Каталогизатор мектебі - On-line тәртібінде кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру» атты онлайн-семинар өтті.