|
||
2020 жылғы 30 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде «Каталогизатор мектебі - On-line тәртібінде кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру» атты онлайн-семинар өтті.
Онлайн-семинарда Ақпараттық ресурстар қызметінің мамандары А.К. Несипбаева «ӘОЖ (УДК) жүйелеу қағидалары мен ережелері», М.Е. Баратбекова «Библиографиялық қөрсеткіш құрастыру («Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер» ағымдағы библиография) және «Электрондық ресурстарға қашықтықтан қол жеткізу (әлеуметтік желілерден ақпарат іріктеу)», тақырыптары бойынша дәріс оқыды.
Онлайн-семинарға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан 275 кітапхана мамандары қатысты.
Семинар барысында қатысушылар библиографиялық құралдар жасау жолы жайында дәрістер өткізуге ұсыныс білдірді.
⠀
|
«« | »» | « Артқа | Барлық жаңалықтар |