Тағылымдама

  04.10.20
 

 

2020 жылғы 4 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарынан 215 кітапханашы мамандардың қатысуымен «Каталогизатор мектебі - On-line тәртібінде кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру» атты онлайн-семинар өтті.
Онлайн-семинарда Ақпараттық ресурстар қызметінің мамандары К.Д. Авелбекова «ҚР Ұлттық кітапханасының кітапханалық жіктеу жүйесі. Индекстеудің негізгі ережелері», Э.О. Медетова «Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер ағымдағы библиография» библиографиялық қөрсеткішіне ақпарат іріктеу, құрастыру және WEB-RABIS бағдарламасының «Каталогизатор» модулінде газеттің электронды PDF нұсқасындағы мақаланың аналитикалық және библиографиялық сипаттамасын түзу» тақырыптары бойынша дәріс оқыды. Семинар барысында қатысушылармен әлеуметтік желідегі электрондық ресурстардан ақпараттарды іріктеу, библиографиялық жазбаларды түзу бойынша сұрақтар талқыланды.
 

 


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
18.12.12 2012 жылы 2-17 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Консервация қызметінің  қалпына келтіруші  маманы Быдышев Б.Ж. Москва қаласында Ресей Ұлттық кітапханасының Кітапхана қорын қалпына келтіру бөлімінде «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» тақырыбы  бойынша тәлімгерліктен өтті.
11.10.12 2012 жылғы 8-10 қазан аралығында Қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Вершина Е.В. ЮНЕСКО/ИКОМ  ТМД елдерінің мұражай мамандарына арналған «Превентивті консервация – мұражай коллекциялары: қолжазба қорын сақтаудың негізгі алғышарты» атты аймақтық тақырыптық тренингіне қатысып қайтты (Ереван қаласы, Армения)
11.10.12 2012 жылы 7-11 қазан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Консервация қызметінің жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты Сарсенбаева Б.Ш. «Лики памяти. Новейшие технологии  сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» тақырыбында  Ереван қаласында өткен (Армения) 2-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысып қайтты. Семинар Месроп Маштоц атындағы Матенадаран ежелгі қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтында өткізілді.