Тағылымдама

  11.11.20
 

2020 жылғы 11 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 150 кітапханашы мамандардың қатысуымен «Каталогизатор мектебі - On-line тәртібінде кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру» атты онлайн-семинар өтті.
Ағымдағы жылдың 23 қазаны мен 11 қарашасы аралығында Ақпараттық ресурстар қызметі облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардан, орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінен, аудандық және ауылдық кітапханалардан 830 кітапханашы мамандардың қатысуымен онлайн семинарлар өткізді.
Семинарларда құжаттарды каталогтау, библиографиялық сипаттамалар түзу, әлеуметтік желідегі электрондық ресурстардан ақпараттарды іріктеу, библиографиялық жазбаларды түзу, Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) бойынша құжаттарды индекстеу және жіктеу ережелері жайында сұрақтар талқыланды. Библиографиялық құралдар құрастыру бойынша мастер-класс өткізілді.
Онлайн-семинарлар WEB-RABIS отандық бағдарламасының модульдері бойынша жүргізілді.
Республика кітапханашылары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандарына көрсетілген ғылыми-әдістемелік көмек және онлайн-семинарларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
18.12.12 2012 жылы 2-17 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Консервация қызметінің  қалпына келтіруші  маманы Быдышев Б.Ж. Москва қаласында Ресей Ұлттық кітапханасының Кітапхана қорын қалпына келтіру бөлімінде «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» тақырыбы  бойынша тәлімгерліктен өтті.
11.10.12 2012 жылғы 8-10 қазан аралығында Қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Вершина Е.В. ЮНЕСКО/ИКОМ  ТМД елдерінің мұражай мамандарына арналған «Превентивті консервация – мұражай коллекциялары: қолжазба қорын сақтаудың негізгі алғышарты» атты аймақтық тақырыптық тренингіне қатысып қайтты (Ереван қаласы, Армения)
11.10.12 2012 жылы 7-11 қазан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Консервация қызметінің жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты Сарсенбаева Б.Ш. «Лики памяти. Новейшие технологии  сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» тақырыбында  Ереван қаласында өткен (Армения) 2-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысып қайтты. Семинар Месроп Маштоц атындағы Матенадаран ежелгі қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтында өткізілді.