Әдістемелік әдебиет

  11.10.12
 

   2012 жылы 7-11 қазан  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Консервация қызметінің жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты Сарсенбаева Б.Ш. «Лики памяти. Новейшие технологии  сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» тақырыбында  Ереван қаласында өткен (Армения) 2-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысып қайтты. Семинар Месроп Маштоц атындағы Матенадаран ежелгі қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтында өткізілді.

   Семинар барысында Сарсенбаева Б.Ш.  «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қолжазба және баспа мұрасын сақтау және қалпына келтіру әдістері. ҚР ҰК Консервация қызметінің – құжаттарды мәңгі сақтауды қамтамасыз ету тәжірибесі»  тақырыбына баяндама жасады.  Іс-шараға Италия, Германия, Белгия, Франция, Польша, ТМД және Балтық елдерінің өкілдері қатысты. Семинарға кітапханалардың, мұрағаттардың және мұражайлардың консерваторлары, қалпына келтірушілері, сақтаушылары, жоғары технология мамандары қолжазба мұраларды сақтау бойынша өзара іс- тәжірибелерімен бөлісті.

                                     


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар