Әдістемелік әдебиет

  18.12.12
 

  2012 жылы  2-17 желтоқсанда  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Консервация қызметінің  қалпына келтіруші  маманы Быдышев Б.Ж. Москва қаласында  Ресей Ұлттық кітапханасының Кітапхана қорын қалпына келтіру бөлімінде «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» тақырыбы  бойынша тәлімгерліктен өтті.

   Тәлімгерліктен өту «Қазақстан халқын  рухани дамыту қоры» АҚ-мен (Астана қаласы) ұйымдастырылды.
   Быдышев Б.Ж. Сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалына келтіру және түптеу бойынша  теориялық және тәжірибелік білімін жетілдірді. Тәлімгерлік барысында славян қолжазбаларын терімен түптеу, «тізбектеп» тігу, станокта сыртқы бауларды тігу, мездра (иленбеген тері өнімінен дайындалған)  және т.б. әртүрлі желімдер дайындау, қапталдарды өру, мәрмәр қағаздар дайындау, ағаш қақпақтарды жөндеу, бояу, теріні тегістеу және өңдеу, металл құлыптар дайындау және  оларды жөндеу, жаңа көркемдік түптемелер дайындау жұмыстары жүргізілді.
   Сонымен қатар, қышқылдықты бейтараптандырғыш, сондай-ақ  парақтарды үстемелегіш машиналардың  және т.б. жұмыс үдерістерімен танысты. 
   Тәлімгерлікке Ресей мемлекеттік кітапханасының Қалпына келтіру бөлімінің қорды және полиграфияны сақтауды қамтамасыз етуді басқару бөлімінің жоғары деңгейлі қалпына келтіруші-түптеуші маманы –  Лукашина Варвара  тікелей жетекшілік жасады.

    1-сурет: Блокты сыртқы баулармен тігу

     2-сурет: Мәрмәр түсті қағазбен қайта қалпына келтірілген кітап

     3-сурет: Қайта қалпына келтірілген металл құлыпты кітап


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар