Әдістемелік әдебиет

  11.10.12
 

   2012 жылғы 8-10 қазан аралығында Қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Вершина Е.В. ЮНЕСКО/ИКОМ  ТМД елдерінің мұражай мамандарына арналған «Превентивті консервация – мұражай коллекциялары: қолжазба қорын сақтаудың негізгі алғышарты» атты аймақтық тақырыптық тренингіне қатысып қайтты (Ереван қаласы, Армения).

   Аймақтық тақырыптық тренинг 2008-2011 жылдары ТМД елдеріне арналған  ЮНЕСКО және (МФГС) Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының  қолдауымен өткен ұлттық және аймақтық тренингтердің жалғасы болып табылады.
   Семинар барысында келесі мәселелер талқылалды:
● Превентивті консервация және мұрағат құжаттары мен кітаптарға арналған  арнайы  жеке қораптар;
●  Құжаттардың бүлінуінен қорғаудың превентивтік әдісі ретінде құжаттарды шаңнан және көгеруден алғашқы өңдеу;
● Армения Республикасының «Матенадаран» ғылыми-зерттеу институтының  мұрағат құжаттары үлгісінде биобүлінулерді анықтау және оларды консервациялау.


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар