Тағылымдама

  26.07.11
 

   2011 жылы 6 - 24 маусым аралығында  ҚР Ұлттық кітапханасында шығыс қолжазбалары мен кітаптарын қалпына келтіру және түптеу жөнінде тәжірибелік семинар өткізілді. Семинар  ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының қолдауымен жүзеге асырылды.

   Семинардың мақсаты – шығыс қолжазбалары мен кітаптарын қалпына келтіру және түптеу жөнінде тәжірибе жинақтау, қалпына келтіруші мамандардың  кәсіби біліктілігін көтеру. Тәжірибелік семинарды Франция Ұлттық кітапханасының Консервация департаментінің қалпына келтіру жөніндегі сарапшысы, графикалық құжаттарды қалпына келтіруші Тьерри Обри жүргізді. Тьерри Обри  – үйретуші бағадрламаларды  өткізу, мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі мамандарды даярлау,  былғары мен жапон қағазын қолдану, қағаздың қышқылданбау үдерістері жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар, қалпына келтіруге қолданылатын  материалдар мен жабдықтар нарығын зерттеуде мол  тәжірибе жинақтаған маман.

   Семинар республикалық мәдениет мекемелері қызметінің тәжірибесіне  жаңа технологияларды енгізуді меңгеруге бағытталған.
   Семинарға ҚР Ұлттық кітапханасының, облыстық әмбебап ғылыми  кітапханалардың, ҚР Орталық мемлекеттік мұражай және ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат  мамандары қатысты.

 


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
18.12.12 2012 жылы 2-17 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Консервация қызметінің  қалпына келтіруші  маманы Быдышев Б.Ж. Москва қаласында Ресей Ұлттық кітапханасының Кітапхана қорын қалпына келтіру бөлімінде «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» тақырыбы  бойынша тәлімгерліктен өтті.
11.10.12 2012 жылғы 8-10 қазан аралығында Қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Вершина Е.В. ЮНЕСКО/ИКОМ  ТМД елдерінің мұражай мамандарына арналған «Превентивті консервация – мұражай коллекциялары: қолжазба қорын сақтаудың негізгі алғышарты» атты аймақтық тақырыптық тренингіне қатысып қайтты (Ереван қаласы, Армения)
11.10.12 2012 жылы 7-11 қазан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Консервация қызметінің жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты Сарсенбаева Б.Ш. «Лики памяти. Новейшие технологии  сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» тақырыбында  Ереван қаласында өткен (Армения) 2-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысып қайтты. Семинар Месроп Маштоц атындағы Матенадаран ежелгі қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтында өткізілді.