Әдістемелік әдебиет

  26.12.13
 

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Консервация, Қалпына келтіру және түптеу қызметтерінде дәстүрлі әдістері жетілдіру және  жаңа технологиялық  әдістерді меңгеру  Жазба  құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру Мектебінде  оқыту сапасының  тиімділігін арттыруда.

     Жұмысқа жаңа инновациялық технологияны енгізудің маңызы зор.
   Консервация қызметі сирек  қордағы  құжаттарды  биологиялық тұрақ-тандыру жұмыстарын жүргізу үшін  қызметкерлерге  залалы тимейтін,  улы және  зиянды  заттармен жұмыс  жүргізуге арналған заманауи  құралдармен жабдықталды. Солардың бірі желдеткіштік жабық камера түріндегі лабораториялық  2   шкаф. Шкаф желдеткіштік құралдарды жүйелеуге сәйкес лаборатория  жағдайында технологиялық  үдерістерді жүргізуге арналған жартылай ашық жергіліктік сорғыш шкаф  болып табылады. Сонымен қатар  рН-метр, кептіргіш  шкаф және т.б. құралдар бар.



«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар