Жаңалықтар

  29.11.14
 

   2014 жылы 27-28 қарашада Консервация қызметінің жетекшісі Б.Ш.Сәрсенбаева Астана қаласында  өткен «Мәдени интеграцияның перспективалары және тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференцияға қатысты. Конференцияға Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Беларусь және Италиядан ғалымдар, тәжірибе алушы мамандар және суретшілер қатысып, баяндама жасады. Конференцияда музей жұмысын жетілдірудің  өзекті мәселелері талқыланды. Заманға сай мұражайларды ғылыми және білім тұрғысынан дамыту, жаңа инновациялық технологияны тәжірибеде қолдану жөніндегі баяндамалар жоғары қызығушылық және конструктивтік пікір алмасу туғызды.
   Осы іс-шара шеңберінде Армения мамандары «Кітаптарды өсімдік текті биоцидтерді пайдалана отырып биоқорғау әдістері», «Матенадарандағы қолжазбаларды консервациялау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру», «Миниатюрлардың бояу қабатын бекіту» тақырыбында 3 шеберлік класын өткізді.
   Конференцияға қатысушылар ҚР Ұлттық мұражайының экспонаттарды қалпына келтіру және консервациялау орталығымен, соның ішінде тері, тоқыма, сүйек, ағаш, қағаз және т.б. бойынша ғылыми-зерттеу зертханалармен танысты. Конференция соңында «Алтын ханшайым»  бірегей археологиялық олжаның таныстырылымы болды.

  



«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
29.11.14 2014 жылы 27-28 қарашада Консервация қызметінің жетекшісі Б.Ш.Сәрсенбаева Астана қаласында  өткен «Мәдени интеграцияның перспективалары және тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференцияға қатысты.
21.07.14 «Ғылым ордасы» РМК-ның (Алматы қаласы) мамандары К.Т. Журманова, Н.Д. Курмангалиева және «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби» мұражайының  маманы Ш.О. Оралбеков  (Оңтүстік  Қазақстан облысы, Отырар қаласы) Жазба құжаттарды консервациялау  және қалпына  келтіру  мектебінде  оқу курсынан өткені үшін  куәлік алды.  Оқу  курсында  консервация-қалпына келтіру  үдерістері бойынша  теориялық- тәжірибелік  сабақтар алды.
29.04.14 2014 жылғы  21-24 сәуірде  «Ғылым ордасы» РМК (Алматы қаласы) мамандары  К.Т.Журманова, Н.Д.Курмангалиева және «Руханият - Әбу Нәсір әл-Фараби» мұражайының маманы (Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Отырар қаласы) Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде  оқу курсынан өтті.