Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ұлттық кітапханасының
директоры
______________Ә. Асқар
«_______» _______2016 ж.
Каталогизатор мектебі туралы
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Каталогизатор мектебі (әрі қарай – Мектеп) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ (әрі қарай- Кітапхана) негізінде құрылған және Ақпараттық ресурстар қызметінің құрылымына кіреді (әрі қарай – Қызмет)
2. Мектеп құжаттарды машинамен оқитын каталогтаумен айналысатын кітапхана, мұражай және мұрағат қызметкерлері үшін білім беретін тұғырнама болып табылады.
3. Мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конститутциясын, ҚР «Мәдениет туралы» Заңын, кітапхана ісі бойынша қолданыстағы Мемлекеттік стандарттарды, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, Кітапхана Жарғысын, Кітапхана директорының бұйрықтарын, өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Мектеп өз қызметін іске асыру барысында Кітапхананың құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігі жүйесіндегі кітапханаларымен, мұражайлармен, мұрағаттармен, жоғарғы оқу орындарымен және басқа да ұйымдармен өзара әрекет жасайды.
5. Мектеп туралы ережені, оқу жоспарын және басқа да реттеуші құжаттарды Кітапхананың директоры бекітеді.
2. Мектептің негізгі міндеттері мен қызметтері
Негізгі міндеттері:
6. Кітапхананың каталогтарын жасауды және оның қызмет етуін қамтамасыз ететін құжаттарды сауатты әрі кәсіби каталогтауға оқыту.
7. Мектептің библиографиялық сипаттамамен және құжаттарды ғылыми өңдеумен, электрондық каталогтарды жүргізумен және редакциялаумен айналысатын тыңдаушыларының кәсіби білімін көтеру.
8. Мектеп тыңдаушыларын бұрынғы алған кәсіби білімдері негізінде, алған білімдерін әрі қарай жұмыс орындарында қолдану үшін кәсіби білімдері мен машықтарын жетілдіру.
9. Құжаттарды машинамен оқитын каталогтаумен айналысатын кітапханаларға, мұражайларға және басқа да ұйымдарға ақпараттық, әдістемелік және тәжірбиелік көмек көрсету.
10. Каталогтау саласындағы озық тәжірбиелер мен инновацияларды енгізу және насихаттау. Халықаралық стандарттармен және реттеуші құжаттармен таныстыру.
11. Кітапханашылар және мамандармен каталогтау және аналитикалық библиографиялық жазбаларды жасау негіздері бойынша сабақтар (семинарлар) өткізу.
12. Жаңа түскен әдебиеттерді жедел аналитикалық-синтетикалық жөндеуге, ретроконверсиялауға оқыту, қазақ, орыс және шет тіліндегі библиографиялық дерекқорларды библиографиялауға және енгізуге көмектесу.
13. Каталогтау бойынша анықтамалық-ақпараттық және әдістемелік материалдар дайындау.
3. Мектептің құқықтары мен міндеттері
Құқылы:
15. Мектеп құзырындағы мәселелер бойынша хат алмасулар жүргізуге;
16. Мектептің жұмысына қатысты қажетті материалдар мен құжаттарды алу үшін Кітапхананың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесуге;
17. Шеберлік-кластарын өткізу үшін шетелдік әріптестерді – каталогтау саласындағы жетекші мамандарды шақыруға;
18. Стандарттар негізіндегі каталогтау бойынша бірыңғай талаптарды жасауды жүзеге асыруға;
19. Мектептің жемісті қызмет ету үшін бюджеттен тыс қаржы тарту бойынша шаралар өткізуге;
Міндетті:
21. Тәлімгерлердің дайындық деңгейіне сәйкес оқу жоспарын жасауға;
22. Оқу үдерісінің қорытындысы бойынша талдау жүргізуге ( оқу бағдарламасының орындалуы, оқудың нәтижелілігі және т.б. );
23. Оқу аяқталғанда куәлік беруге (сертификат);
24. Мектептің қызметіне қатысты ақпараттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сайтында жариялауға;
4. Мектепті басқару
25. Мектеп тікелей Кітапхана директорына бағынады. Мектепке басшылық жасау Кітапхананың Ақпараттық ресурстар қызметі жетекшісіне жүктеледі;
26. Мектептің жетекшісі;
- оқу үдерісін ұйымдастырады;
- Мектептің қызметін реттейтін құжаттарды жасайды және Кітапхана директорына ұсынады;
- Тәлімгерлерге кеңестік көмек көрсетеді, алған білімдерінің деңгейіне, орындаушылық тәртәптің сақталуына бақылау жасайды;
27. Мектептің үйлестірушісі (Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі:
- тыңдаушы топтардың құрамымен келіседі және қалыптастырады;
- курсты бітіргені туралы құжаттар дайындайды;
- Мектеп қызметінің басқа да мәселелерімен айналысады.
28. Дәріскер-ұстаздар (Ақпараттық ресурстар қызметінің топ жетекшілері):
- оқу жоспарын және әдістемелік материалдар дайындайды;
- теориялық және тәжірбиелік сабақтардың тақырыптарын жасайды;
- Кітапхананың сайтында орналасқан «Каталогизатор мектебі» web-сайтына ақпараттық материалдар дайындайды.
29. Мектепте оқу ақысыз жүзеге асырылады.
30.Тыңдаушылардың іссапар шығындары жіберуші тараптың есебінен қаржыландырылады.