| 
	    2012 жылғы 8-10 қазан аралығында Қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Вершина Е.В. ЮНЕСКО/ИКОМ  ТМД елдерінің мұражай мамандарына арналған «Превентивті консервация – мұражай коллекциялары: қолжазба қорын сақтаудың негізгі алғышарты» атты аймақтық тақырыптық тренингіне қатысып қайтты (Ереван қаласы, Армения). 
   Аймақтық тақырыптық тренинг 2008-2011 жылдары ТМД елдеріне арналған  ЮНЕСКО және (МФГС) Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының  қолдауымен өткен ұлттық және аймақтық тренингтердің жалғасы болып табылады.    Семинар барысында келесі мәселелер талқылалды:  ● Превентивті консервация және мұрағат құжаттары мен кітаптарға арналған  арнайы  жеке қораптар; ●  Құжаттардың бүлінуінен қорғаудың превентивтік әдісі ретінде құжаттарды шаңнан және көгеруден алғашқы өңдеу; ● Армения Республикасының «Матенадаран» ғылыми-зерттеу институтының  мұрағат құжаттары үлгісінде биобүлінулерді анықтау және оларды консервациялау.
  
 |